
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ұлан ауданының мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — сайлау жүйесінің маңыздылығын түсіндіру, сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы ақпарат беру, азаматтардың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының негізгі қағидаттары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ашық диалог форматында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.