
Дүниежүзілік сайлау күні Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арасында «SAYLAU QUIZ» атты зияткерлік ойынды ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты қатысушылардың құқықтық және электоралдық сауаттылық деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы білімдерін кеңейту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ сайлау құқығы мен сайлау үдерісіне қызығушылықты дамыту болды.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, сайлау заңнамасының негіздері және сайлау өткізу қағидаттары бойынша білімдерін көрсетіп, командалық жұмыс пен талқыланған тақырыптарға жоғары деңгейде қызығушылық танытты.