
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жас сайлаушылар клубымен бірлесіп ауданның барлық мектептерінде және Балалар шығармашылығы үйінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Менің елім — менің мақтанышым» тақырыбында суреттер көрмесін өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты — жас сайлаушылардың азаматтық-патриоттық санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен тәуелсіздік құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығын оятып, болашақ сайлаушылардың құқықтық және электоралдық мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қолдау және азаматтық белсенділігін арттыру болып табылады.