
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің I курс студенттері арасында «SAYLAU QUIZ» атты зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жастардың сайлау құқығының негіздері бойынша білімдерін тереңдету, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, өз бетінше ойлау және азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Ойын барысында қатысушылардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуға деген қызығушылығы артты.