
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 8, 9, 11 сынып оқушылары арасында Трофим Клименко атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде «Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Іс-шара жастарға сайлау құқығының негіздері туралы білімдерін тереңдетуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз бетінше ойлау және өз ұстанымын дәлелді білдіру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, байқау патриотизмге, конституциялық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамдық-саяси процестерге қатысуға қызығушылыққа тәрбиелеуге ықпал етті.