
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту аясында Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінде және Р. Мәрсеков атындағы орта мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында «Инклюзивті сайлау – тең мүмкіндік» тақырыбында диктант байқауы өткізілді.
Аталған іс-шара жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға, сайлау жүйесі туралы білімін кеңейтуге және электоралдық мәдениетке қызығушылығын дамытуға бағытталды.