Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған сынып сағаттарын өткізді.

Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған сынып сағаттарын өткізді.

2026 жылғы 26 қаңтарда іс-шаралар жоспарына сәйкес Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы М. В. Ломоносов атындағы орта мектепте Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылған сынып сағаттарын өткізді. Іс-шара «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында өтіп, 9–10 сынып оқушыларына арналды.
Сынып сағаттары барысында болашақ сайлаушыларға сайлау процесі туралы түсіндірмелер беріліп, жастардың сайлауға қатысуға деген қызығушылығын қалыптастыруға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.