Улы газ және оның қауіптілігі

Улы газ және оның қауіптілігі

Қыс уақытында ауа райының сууына байланысты  тұрғын үй секторларында өрттердің саны артады.Бұл жерде ережеге сәйкес емес және дұрыс салынбаған жылыту пештері өрттердің пайда болуына негізгі себепкер болып табылады.Ағымдағы жылдың өткен 10 айында Ұлан ауданының аумағында улы газбен улану бойынша 6 жағдай және жылыту пешін пайдалану және орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан 12 өрт фактісі тіркелді.

Жылыту пешін қалай дұрыс орналастыруды тереңірек қарастырайық. Біз жылыту пешін жаққан кезде пештің қабырғалары қызып қоршаған ауаға жылу береді,  ғимараттың конструкцияларымен жанасатын орындарында жылу беру ақырын жүреді, өйткені ол орында жылудың жинақталуы болады. Қарқынды пешті жаққан кезде, бұл орындарда жоғары температура пайда болады, ол жылыту пешіне жақын орналасқан ағаш конструкциялар мен басқа да ғимараттың жанатын элементтерін балқытады. Жоғарыда аталған жағдайды бодырмау үшін, жылыту пеші мен төбе жабуындары, қабырғалары, және арқалықтың жанатын конструкциялардың арасында бос аралық қалдырылады немесе қалыңдығы 38 см-ден кем емес кірпіштен өртке қарсы аралық жасалады. Егер жанатын конструкциялары асбест қабатымен қорғалатын болса, онда өртке қарсы аралықты 25 см-ге дейін азайтуға болады.

Жылыту пешінің мұражаларын және басқа да элементерін жылыту маусымы басталар алдында және төмендегідей мерзімдерден аз емес уақыттарда ыстан тазартып отыру керек:

      1) жылыту пештері үшін -үш айда бір рет;

      2) үздіксіз жұмыс істейтін жылыту пештері-екі айда бір рет.

Асхана плиталар мен үздіксіз жанатын басқа да пештер айына бір рет ыстан тазалануы керек.

Өрттер көбінесе жылыту пешінің қабырғалары мен мұржа құбырларында пайда болған жарықшақтардан ұшып шыққан ұшқындардан пайда болады. Әсіресе үйдің төбесінде түтін мұражалардағы жарықшалар өрттің пайда болуына қауіп тудырады. Осы қауіптердің болдырмау үшін жарықшаларды батпақпен немесе әкпен бітеу керек. Пештің есіктерін жөндеуге, пештің алдында 70 х 50 см өлшемді темір қаңылтыр қағу және басқа да бұзушылықтарды жоюға көп шығын кетпейді.

Сонымен қатар түтін мұржаларын ыстан уақытылы тазарту қажет. Пештің түтін құбырлары пайдалану кезінде әрбір екі ай сайын ытсан  тазартылу керек, қажет болған жағдайда қатты отынның сапасына байланысты айына бір рет  ыстан тазарту және өртке қарсы аралықтарды әр уақытта дұрыс ұстау қажет.

Ұлан ауданының аумағында шаруа қожалығында өрт қауіпсіздік ережесінің бұзушылығы салдарынан екі жұмысшы улы газбен уланып, қайтыс болды.

Тұрғын үй секторларында болған өрттер кезінде адамдардың өлімінің бір себебі-улы газбен улану екендігін ерекше айта кеткен жөн. 2020 жылдың 22-ші қазан күні Ұлан ауданында тұрғын үйдің ауласында азамат Л мас күйде шылым шегіп, тұқылын өшірмей тастап ұйықтап қалған. Нәтижесінде темекі тұқылы бықсып, еден жанып от басқа да материалдарға таралу салдарынан, азамат Л улы газбен уланып, қайтыс болды.

Улы газ деген не? Ол туралы міндетті түрде айта кету керек. Улы газ-көмірсулар тотығы  (СО), түссіз газ, иіссіз, табиғи, жарылатын және басқа газдардың ішіне кіреді. Ол- құрамында көміртегі бар заттардың толық жанбауынан пайда болады.Көміртегі тотығы мен оттегінің қоспасы  2:1 пропорцияда болады-жаққан кезде жарылады.Көміртегі тотығы организмге тыныс алу органдары арқылы өзгеріссіз енеді. Көміртегі тотығының организмге түсуі карбоксигемоглобиннің пайда болуына әкеледі, ол оттегімен организмді байланыстырмайды, нәтижесінде организмде оттегі жетіспеушілігі және орталық жүйке жүйесінің жұмыс істемеуіне әкеліп соқырады.

Организмнің улы газбен улануының негізгі көріністері төмендегілер: құлақтағы шу, бас ауыруы, уақытша тамырдың пульсациясы, бастың айналуы, тез тыныс алу, аяқтардың тез әлсіреуі. Содан кейін ұйқы басу, кей кезде естен тану жағдайы, ентігу артады, құсу болады, аяқ-қолдардың құрысуы, нәжіс пен зәрдің еріксіз кетуі байқалады. Көмек көрсетілмеген жағдайда ес-түссіз жағдай дамыйды.  Улы газбен уланудың ауыр түрінде-денедегі барлық тері түсі ашық қызыл түске айналады.

Зардап шегушіге бірінші көмек- зардап шегушіні (егер ол ес-түссіз жағдайда болса)тез арада таза ауаға шығару керек.  Ес-түссіз жағдайда ұзақ уақыт жасанды дем беру (есін жиған шейін) керек, содан кейін оттегімен дем алдыру мен карбогенмен дем алдыруды кезектеп жасау керек.Ауыр жағдайларда зардап шегушіні тез арада  емханаға жатқызу қажет.

Сондықтан азаматтар, жылыту пешін пайдалану кезінде өте сақ болыңыздар!