
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа
жыл мерекесіне байланысты 2026 жылғы 1–2 қаңтарда, сондай-ақ 7 қаңтар
күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған
халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істемейтінін
хабарлайды.
3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып
табылады. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге
асырылады.
5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі
барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін
қызмет көрсетеді.
Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде
мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін
азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен МХҚКО дүйсенбіден жұмаға
дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс
істейді.