ШҚО ХҚКО-лары 20 жылдық мерейтойын атап өтті

ШҚО ХҚКО-лары 20 жылдық мерейтойын атап өтті

ШҚО ХҚКО-лары 20 жылдық мерейтойын атап өтті

2025 жылдың 20 қарашасында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

«Жиырма жыл ішінде ХҚКО-лар азаматтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етіп келеді. Біздің жұмысымыз – ашықтық, айқындық және қызметалушыға бағдарлану қағидаттарының көрінісі. Соның арқасында мыңдаған облыс тұрғындары күн сайын заманауи әрі қолайлы жағдайда қызмет алады», – деп атап өтті филиал директоры Азамат Есембулов.

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері және жүйе ардагерлері қатысты.
Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, ХҚКО желісінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Іс-шара жылы және достық атмосферада еркін әңгімелесумен аяқталды.

20 жыл – бұл жай ғана дата емес, тұрақтылықтың, сенімнің және жетілдіруге деген үздіксіз ұмтылыстың нышаны. ХҚКО-лар өз қызметін жетілдіруді, инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырып, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті одан әрі ыңғайлы етуді мақсат етеді.