Жоғарғы Тайынты ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым Бекбосынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жоғарғы Тайынты ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым Бекбосынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

     Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосыновтың 100 жылдығына орай Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылындағы ұзындығы 1,5 шақырым Бекбосынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
420-дан астам тұрғыны бар ауылда шаруашылықтар, кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар мен Шыбындыкөл жағасындағы туристік аймақтар дамып келеді.
Жолды жаңарту – ауыл экономикасы мен ішкі туризмді дамытуға, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба облыстық бюджет есебінен іске асырылып, мердігер – «Актив А» ЖШС.
Жаңғырту жұмыстары жолдың техникалық жағдайын жақсартып, тұрғындар мен шаруашылықтар, әлеуметтік нысандар және демалыс орындары үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастырады.