Иммунды плазма доноры туралы ақпарат

Иммунды плазма доноры туралы ақпарат

Саратовка ауылдық округі бойынша СOVID – 19 індетімен тіркелген 9 адамның  5 адамында ситптомды түрі, 4 адамда симптомсыз түрі болған. Ұлан ауданының әкімі  Н.Сактағановтың иммундық плазма доноры болу жоспары негізінде квота саны Саратовка ауылы бойынша 1 адам, Ново-Одесское бойынша 1 адам. Барлық сырқаттанғандармен жеке кездесу, қабылдау жүргізіліп, олардың плазмаларында вирусқа қарсы антиденелер бар екендігі және тапсырылған плазмаға 7 АЕК төленетіні түсіндірілді. Сонымен қатар вируспен сырқаттанған қызметкерлері болған округтегі мекеме басшыларымен, дәрігерлік амбулатория меңгерушісімен аппараттық отырыс өткізілді. Округ бойынша әкімдік және дәрігерлік амбулатория қызметкерлерлері түсіндіру жұмыстарын жалғасытырып жүргізуде.

Саратовка ауылдық округінің әкімдігі