
Апостиль -бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін растайтын арнайы мөртабан, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын растайтын мөртабан.
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған апостиль қойылған құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісті ресімдеуіне кепілдік беру болып табылады.
Гаага Конвенциясына кірмейтін елдер құжаттарды шетелде тану үшін оларды толық консулдық заңдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібінің цифрлық даму министрлігімен бірлесіп 2021 жылдан бастап Е-апостиль ақпараттық жүйесі арқылы «Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобаны іске қосты.
Ақпараттық жүйенің дәстүрлі қағаз апостильден көптелген артықшылықтар бар. Ол 1 жұмыс күні ішінде апостиль мөртабанының жедел орындалуын ақмтамасыз етеді. Е-Апостиль жүйесіне лауазымды тұлғалардың қолтаңбаларының үлгілері енгзілгендіктен, ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеру рәсімі жеңілдетілді.
Ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеру бір рет басу арқылы жүзеге асырылады, өйткені жұмыстың негізгі бөлігі апостильдерді физикалық бекітуді, қол қоюды және мөрмен бекітуді қажет етпестен электронды түрде орындалады.
Көрсетілген қызметті алушының порталда өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда egov.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышына жүгінудің баламасы бар.
Апостильденетін құжат құжаттың түпнұсқасын сканерлеу жолымен ұсынылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді). Электрондық апостиль қою үшін ұсынылған сканерленген құжат түпнұсқаға дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулер мен мәтінді өшіруге жол берілмейді.
---------------------------------------------------------------------------