Тілдер күні

Тілдер күні

2020 жылдың қыркүйек айының 17 - жұлдызында Герасимовка ауылдық кітапханасының және ауылдық клубының қызметкерлері Тілдер күніне орай,  «Өз тілінді құрметте» атты дөңгелек үстел өткізді. Біз бәріміз бір елде туылдық, бірақ әрқайсымыз әртүрлі тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әрбір халықтың өзінің тілі бар, өзінің тарихы бар. Құрметке лайық емес тіл жоқ.

Қатысушыларға ертеректе тілдердің пайда болу тарихы туралы айтылды, викторина ұсынылды, және екі тілде өлеңдер оқылды.

Қазақстандағы тіл саясаты үш бағыт бойынша құрылады - Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілінің қолданылуын сақтау және ағылшын тілін меңгеру. Осы тақырыпта "Сөздердің  аудармасын тап" атты жаттығу өткізілді, әрбір тілде кездесетін "Сленгтер мен жаргондар" қойылымы көрсетілді.

Қатысушылар диалогқа қатысып, қазақ тілінің маңыздылығы мен кең дамуы және қолданылуы туралы сөз қозғады, ойындар ойнап, мерекемен құттықтады.

«Дарын» МКҚК