«Шығыс салбурыны – 2025»: дайындық жұмыстары қарқынды

«Шығыс салбурыны – 2025»: дайындық жұмыстары қарқынды

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, Бүркіт төбе маңында өтетін дәстүрлі «Шығыс салбұрыны – 2025» бүркітшілер фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр.

Қазір бұл аумақта 37 киіз үйден тұратын этноауыл бой көтеріп, барлық инфрақұрылым жасақталуда. Дәретханалар орнатылып, жарық пен су тартылған, негізгі сахна да дайын.

Фестиваль алаңында 100-ден астам техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 250-ден астам адам киіз үйлер тігіп, аумақты безендіруге жұмылдырылған. Қонақтар мен туристердің жайлылығы үшін фотоаймақтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылған.

Биылғы «Шығыс салбурыны» көрерменге ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін көрсететін ерекше ауқымды шара болмақ.