Бозанбай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындау

Бозанбай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындау

2025 жылғы 30 қыркүйектегі Ұлан аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, Бозанбай ауылдық округінің әкімі лауазымына Раушан Тұрсынханқызы Мукашеваны тағайындадым.
Округ әкіміне ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, сондай-ақ өзекті мәселелерді уақтылы және сапалы шешу бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Раушан Тұрсынханқызының жүктелген сенімді ақтап, жергілікті қауымдастықпен тығыз қарым-қатынаста, жоғары жауапкершілікпен және белсенділікпен қызмет атқаратынына сенім білдіремін.