Ұлан ауданы әкімінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 23-к өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Рустам Семейбайулы Садуакасов тағайындалды. Атқаратын міндеттері: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары сұрақтары.
Ұлан ауданы әкімінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 24-к өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Маделхан Мәдібекұлы Піржанов тағайындалды. Атқаратын міндеттері: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат сұрақтары.