«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9-тармағына сәйкес, есептік күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей жариялануға жататын мәліметтерге мемлекеттік саяси қызметшілердің, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, Парламент депутаттарының, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, судьялардың, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі басқару функцияларын орындайтын адамдар мен олардың жұбайларының тапсырған декларацияларында көрсетілген деректер жатады.
Аталған Заң нормасы 2025 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Кезекті күнтізбелік жыл үшін тапсырылатын декларация – бұл табыстар мен мүлік туралы декларация.
Салық кодексінің 635-бабына сәйкес, 2024 жылға арналған табыстар мен мүлік туралы декларация 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырылуға тиіс.
Жоғарыда аталған тұлғалардың 2024 жылға арналған табыстар мен мүлік туралы декларацияларынан алынатын мәліметтер 2025 жылдың соңына дейін жариялануға тиіс.