«Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

«Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Ұлан өңірінде қарқынды түрде жалғасуда.
Игі шараның негізгі міндеті- өзен-көлдер, су тоғандарының жағалауларын қоқыстан тазарту, бұлақтардың маңын тазарту және абаттандыру жұмыстарына азаматтарды кеңінен тарту, белсенді жастардың әлеуетін жұмылдыру.
Акция барысында Шалқар көлінің жағалауы қоқыстан тазартылып, «Жасыл ел» еңбек жасағы, еріктілер, жастар ұйымдарының мүшелері белсенділік танытып, көл жағалауы толығымен тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.