Қасым Қайсенов кентінде салынып жатқан сауда-ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен таныстым. Аталған жобаны жерлесіміз, кәсіпкер Мейірбаев Есен Әбілтайұлы жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу және монтаж жұмыстары жүргізілуде. Орталықтың ашылуы келесі жылға жоспарланған.
Сондай-ақ кенттегі жылу құбырларының екінші кезеңі бойынша жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын, Батырлар аллеясын және биыл пайдалануға берілген Нұржау көшесіндегі №14 үй ауласындағы балалар ойын алаңын қарап шықтым.