Аудан әкімдігінде бөлім басшыларының, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің, сондай-ақ қорғаныс, полиция және төтенше жағдайлар қызметтері өкілдерінің және облыстық құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткіздім.
Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
Ұлан ауданының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен екінші жартыжылдыққа арналған негізгі жоспарлар талқыланды;
Аблакет ауылдық округіндегі тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану барысы жөнінде есеп тыңдалды;
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан бюджетін орындау нәтижелері және екінші жартыжылдыққа арналған бюджеттік жоспарлар туралы ақпарат ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер аясында инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, ұлттық жобаларды іске асыру, елді мекендердегі су құбырларын жөндеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
"Ауыл аманаты" жобасын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, Ұлан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Ұлан ауданының статистика басқармасына аудан аумағындағы туристік базалар бойынша статистикалық деректерді жинақтау міндеттелді.
Бір қабатты тұрғын үйлердің құрылысы, жұмысқа орналастыру, кадрлық қамтамасыз ету сияқты бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, нақты тапсырмалар мен мерзімдер айқындалды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін 2025 жылдың екінші жартыжылдығында толық көлемде орындау міндеті қойылды.
Отырыс барысында мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтер әкімдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.