Жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, танымал жазушы, Шығыс Қазақстан облысының, сондай-ақ Ұлан және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері, екі мәрте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгелдің 70 жылдық мерейтойына орай «Өсе бер, өрлей бер, өр Алтайым!» атты шығармашылық кездесу кеші А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында өтті.
Кеш аясында автордың «Мыңбасы», «Сұңқардың самғауы», «Джеки» атты жаңа туындыларының тұсаукесері өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар кездесуге өңірдің қоғам қайраткерлері, жазушылары және ағамыздың жерлестері мен сыныптастары қатысты.
Бұл кездесу — тек шығармашылық иесін ұлықтау ғана емес, ел руханиятына сүбелі үлес қосқан тұлғаның өнегелі жолына тағзым.