Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
10 июля 2025
Құрметті Ұлан ауданының тұрғындары!

2025-2026 жылдардағы жылу беру кезеңіне арналған күзгі-қысқы уақытта көмір сатып алу кезінде үлкен кезектілікті және бағаның көтерілуін болдырмау үшін көмірді алдын ала сатып алу қажет. Бүгінгі таңда тоннасының бағасы
16 200 теңге.
Аудан тұрғындары көмірді Өскемен қаласының Левобережный
т/ж тұйығынан өз бетімен сатып ала алады.

10 июля 2025
Сәдібек Түгелдің 70 жылдық мерейтойына орай «Өсе бер, өрлей бер, өр Алтайым!» атты шығармашылық кездесу кеші өтті

Жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, танымал жазушы, Шығыс Қазақстан облысының, сондай-ақ Ұлан және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері, екі мәрте  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгелдің 70 жылдық мерейтойына орай «Өсе бер, өрлей бер, өр Алтайым!» атты шығармашылық кездесу кеші       А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында өтті.

Кеш аясында автордың «Мыңбасы», «Сұңқардың самғауы», «Джеки» атты жаңа туындыларының тұсаукесері өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар кездесуге өңірдің қоғам қайраткерлері, жазушылары және ағамыздың жерлестері мен сыныптастары қатысты.

Бұл кездесу — тек шығармашылық иесін ұлықтау ғана емес, ел руханиятына сүбелі үлес қосқан тұлғаның өнегелі жолына тағзым.

10 июля 2025
Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған "Ән падишасы" атты іс - шара өткізілді

 Қасым Қайсенов кентінде Әжелер және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған "Ән падишасы" атты іс - шара өткізілді. Іс-шараға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмұхамед Ескенұлы,  Қасым Қайсенов кентінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиұлы,  Мүгедектер қоғамының төрағасы  Қайырхан  Байгудинов және мүшелері Қайсенов Сайран, Абдугалиев Әділет қатысты. Іс - шара барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны, әндерінің шығу тарихы және әндері айтылды.

10 июля 2025
ақпараттық-түсіндіру кездесу

Аудан орталығында мемлекеттік қызметшілер мен Қасым Қайсенов кенті емханасының медициналық қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында «Дін саласындағы нормативтік құқықтық актілер», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі мен зияны» және «Этносаралық қатынастар саласындағы заңнаманың сақталуы» тақырыптары талқыланды.

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі Айтқұрман Тұрғанбаев пен орталық маманы Сәлім Бахтияров қатысып, дін саласындағы заңнамалық өзгерістер мен дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша ақпараттандыру, сондай-ақ дін және этносаралық қатынастар саласындағы өзекті заңнамалық өзгерістер жөнінде хабардар ету.

Мұндай маңызды кездесулер азаматтардың діни сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
09 июля 2025
Ұлттық қор – балаларға: 2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69 756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау. 

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.

Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс.  

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

09 июля 2025
Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер арасында цифрлық сервистерге деген сұраныстың  артқанын атап өтті. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілді, бұл қызмет көрсету процесін едәуір жеделдетті.

QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта    1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,

Сервисті қолдану үшін смартфонға "ЦОН" мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, "ХҚКО кезегіне талон" батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
08 июля 2025
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: қалай есептеледі және қайда жүгіну керек
  • Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға кімдер құқылы?

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға ай сайын зейнетақы төлемдері жасалады:

- зейнет жасына жеткендерге (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас (2028 жылдан бастап жыл сайын 6 айға ұзарып, 2031 жылы 63 жас болады));

- 55 жасқа жеткендедерге (кәсіптері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда, зейнетақы төлеміне жүгінген кезде жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай МКЗЖ төленген болса);

- мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға,

БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  • Кесте бойынша төлемдер қалай есептеледі?

 

Кесте бойынша төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді алатын бірінші жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне – 6,5%-ға көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне – 5%-ға өседі. Бұл ретте БЖЗҚ-дан жасалатын ай сайынғы зейнетақы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде болады (2025 жылы КД 46 228 теңге).

            Белгілі бір санаттағы төем алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Бұл шарттардың біреуінен астамын қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәні бар түзету коэффициенті қолданылады.

55 жасқа толған тұлғаларға зейнетақы төлемдерін есептеу және төлем жасау, сондай-ақ олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төлеу кезінде:

- зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін КД кемінде 70% мөлшеріндегі шегі қолданылмайды;

- түзету коэффициенттері қолданылмайды;

- кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге КД-нің 70%-дан кем мөлшеріндегі жеке зейнетақы шотындағы қалдық төленбейді.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-дан төлем жасау күніндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2025 жылы 753 252 теңге = 62 771х12), төлем бір рет толығымен жасалады.

  • Зейнет жасына жетуге байланысты БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну керек?

           Зейнетақы жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін төлемдерді алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақтылы жүгінуі қажет. Мұны зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жасауға болады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте егер алушы зейнеткерлік жасқа толған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі, ал егер ол ертерек жүгінген болса – зейнеткерлік жасқа толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Бюджеттен төлемдер алу үшін уақтылы жүгіну өте маңызды, оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет. Бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы, ал БЖЗҚ-дан алушының зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

  • Зейнетақы төлемдерін уақтылы ресімдеу қажеттілігі туралы алдын ала ескерту жасала ма?

           Телефон нөмірлері еgov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге (әлеуетті алушыларға) 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 2 ай бұрын egov.kz сайтындағы құжаттар тізбесіне сілтеме жасай отырып, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорацияның жақын маңдағы бөлімшесіне уақтылы жүгіну мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Яғни мемлекеттік органдар зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде ресімдеу үшін тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.

          Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жасау бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды алуға өтініш білдірмеген тұлғаларға қатысты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоғын жыл сайын салыстырып, тексеру жүргізеді. Жыл сайын жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған кезде БЖЗҚ оларға мемлекеттік корпорациямен жасалған тиісті келісім шеңберінде, яғни өтінішсіз зейнетақы төлемдерін жасайды.

 

  • Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда жүгінуге болады?

           Мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе сайттағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасында жүгіну қажет.

          БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді үйден шықпай, қашықтан алу мүмкіндігінің бар-жоғын тексеру жүзеге асырылады.          

  • БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажет құжаттар тізбесімен қайдан танысуға болады?

           enpf.kz сайтында "қызметтер – зейнетақы төлемдері" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды беру тәсіліне байланысты қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. "Онлайн-сервистер" бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі бар ("төлеуге арналған құжаттарды алдын ала тексеру" сервисінің атауы: https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php).

 

         

04 июля 2025
Елорда күніне байланысты ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Елорда күнінебайланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 11:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 12:00-ге дейін алып кетуге болады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейді. Оның мекенжайы – Сәтпаев даңғылы, 34/2.

04 июля 2025
Ұлан ауданындағы бос тұрған лауазымдарға конкурс жарияланғаны туралы ақпарат

Ұлан ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бөлім басшысы.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы.

Асубұлақ кенті әкімі аппаратының бас маманы.

 Қасым Қайсенов кенті әкімі аппараты әкіміңің орынбасары.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бөлім басшысы.

Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

 

03 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2025 жылғы 2 шілдеде Ұлан ауданы әкімдігінің «Молодежный» КМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талқылау өткізілді.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы