Қасым Қайсенов (1918-2006) – партизан, ҰОС қатысушы.
1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ кентінде дүниеге келген. Мектептен кейін 1934 жылы Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түседі. 1938 жылы техникумды аяқтаған соң, Павлодар облыстық халыққа білім беру бөлімінде нұсқаушы болып, әскер қатарына шақырылады, кейін әскери барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы әскери барлау мектебін бітірген соң Солтүстік-Батыс майдан штабына жіберіледі, сол жерде жау қолында қалған Украина аумағында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін арнайы тапсырмамен жау тылына түсіріледі.
1941 ж. қараша айының соңында Киев облысы Ржищев ауданы Македон с. астыртын партизан орталығы ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушының бірі – Қасым Қайсенов. 1942 ж. көктемінде астыртын партизан отряды құрылып, командирі Қ.Қайсенов болды. 1942 ж. желтоқсанда бірнеше шағын отряд В. И. Чапаев атындағы ірі партизан құрамасы болып бірікті. Қасым Қайсенов үшінші отрядтың командирі болып тағайындалды.
Қасым және қарулас достары 1943 ж. 20-21 қыркүйекте Совет Армиясының Днепрге шабуылы және оң жағалау плацдармы үшін күресте ерекше көзге түсті. Кейін, 1944 ж. соңына дейін Қ. Қайсенов Молдавия, Чехословакия, Закарпатья, Румыния, Батыс Украина аумағындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Украинада Қайсенов партизан отрядтарын құрып, диверсиялық әрекеттермен айналысты. Отряд командирі бола жүріп, жүзден аса әскери жорық пен диверсиялық әрекетке қатысты. Ол Букрин плацдарымен басып алу, «Белая Таня» концлагеріненжетіжүзден аса тұтқынды босату, Днепрге шабуыл т.б. ерлігімен көзге түсті.
Соғыстан кейін Қ. Қайсенов елге оралып, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратының жауапты қызметкері болды. Жамбыл облысының Жуалы және Свердлов ауданыатқару комитеті төрағасының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жұмысына белсенді қатысты. 1951-1954 жж. Қазақстан Коммунистік партиясының ОК жанындағы партия мектебінің екіжылдық аударма бөлімінде оқыды. 1953-1972 жж. «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қасым Қайсенов – қазақ әдебиетінде партизан соғысы тақырыбының негізін қалады, «Молодой партизан» (1954), «Илько Витряк», «Переяславль партизандары», «В пасти у смерти», «Жау тылындағы бала», «На Днепре», «В тылу врага», «Партизан жорықтары »тәрізді 30 кітапжәне көптеген әңгіме, очерктер, повестердің авторы. Автордың көптеген шығармалары орыс, украин т.б. тілдерге аударылған.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1957).
Богдан Хмельницкий, І дәрежелі Отан соғысы, "За заслуги" ордені, Чехословакия партизаны белгісі, СССР және шетелдердің 25 медалі, Қазақ ССР-і және Украин ССР-інің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Егеменді Украина ҮкіметіIII және II дәрежелі "За особые заслуги" орденімен марапаттады. 1995 ж. Халық Қаһарманы атағы және полковник әскери атағы берілді. «Отан» ордені, Қазақстан жазушылар одағының Б. Момышұлы атындағы сыйлығымен марапатталды, А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлық иегері атанды.
2006 ж. 30 желтоқсанда қайтыс болды.
1998 жылы 25 маусымда II шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының XX cессиясының № 10 шешімімен «Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.