Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы (1937 ж.) – химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА, Жоғары мектептің халықаралық академиясы, акмеология ғылымдары, минералды ресурстар академигі, Германиядағы (Берлин) халықаралық ақпараттандыру академиясы штаб-пәтерінің вице-президенті. Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті. Қазақстан Америка Еркін университеті – халықаралық серіктестік университеті жобасының авторы.
1937 жылы 13 қыркүйекте Астрахань облысы Калинин селосында дүниеге келген. 1963 ж. педагогикалық институтты (қазір Абай ат. Қазақ ұлттық университеті) бітірді. 1963-1984 жж. – аспирант, профессор, кафедра меңгерушісі, ҚазМУ деканының орынбасары; 1984-2001 жж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры; 1993-1995 жж.- ҚР Білім беру ісінің министрі. 1994 ж.бері – Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті. Докторлық диссертациясын М.В.Ломоносов ат. ММУ-де қорғады. Электрохимиядан отандық ғылыми мектептің негізін қалаушы. Оның басшылығымен шамамен 30 дан аса доктор және ғылым кандидаты әзірленді.
Оқу орны тәжірибесіне енгізілген білім мен ғылымды қайта жаңғырту инновацияларының авторы: тест енгізу, Президенттің «Болашақ» программасы арқылы интеллектуалды элита дайындау, тілдің үштұғырлығы, «бакалавр — магистр — Ph.D докторы», аймақтық университеттер (Павлодар, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Талдықорған, Атырау).
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университететін ашу бастамасын көтерген және осы оқу орнының тұңғыш ректоры (республикамызда КазГУ мен КарГУ-ден кейін үшінші ). Республикамыздағы бірінші халықаралық серіктестік – Қазақстан-Америка Еркін университетін Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен және америка тарапының қолдауымен құрды.
Е.Мәмбетқазиев басқаратын Халықаралық серіктестік университеті заманауи технологияны игеріп, тиімді қолданғаны үшін «MILLENIUM AWARD» («Мыңжылдық») (2009), Әлемдік экономика элитасы номинациясы бойынша «Алтын феникс» құрметті сыйлығы (2009), «Пальмира жұлдызы» - еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін (2009), «Еуропалық сапа» - еуропа стандартына сәйкес білім беру існі жақсартуға қосқан үлесі үшін (2010) халықаралық марапаттарына ие болды.
Қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері үшін КАСУ президенті «INTELLECT OF NATION» («Ұлт интеллектісі» халықаралық марапатына (2009), кандидатурасы Еуропа ректорлар клубы (CRE) мүшелігіне ұсынылды.
АҚШ Конгресі Комитетінің шақыруымен екі рет АҚШ Президенті Дж.Буш (2004) және Б. Обама (2011), АҚШ Үкіметі мүшелері мен лидерлері, әлемнің 120 елінен келген интеллектуалды элита өкілдерімен бірге дәстүрлі Ұлттық қонақасына қатысу құрметіне ие болды.
700 ден аса ғылыми еңбек пен публикация, соның ішінде, білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша монографиялардың авторы. Соның бірқатары АҚШ, Еуропа елдері, Ресей, ҚХР, Моңғолия елдерінде қайта басылып шықты.
ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-шақырылымының депутаты болған. Облыстық мәслихат депутаты.
«Парасат» ордені, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай мерекелік медалі, «ҚР Білімі мен ғылымын дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (№ 1 куәлік) марапатталған. «ҚР Білім беру ісіне еңбек сіңірген қызметкер» атағының иегері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, «Менің қалам» Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті ректоры, Кентукки университетінің құрметті профессоры (АҚШ), Атлантис университеті жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы (АҚШ), Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1996).
2014 жылы Астрахань облысындағы Калинино ауылындағы мектепке қазақ ғалымы, академик Ережеп Мәмбетқазиевтің аты берілді.
Байбатшин Әубәкір, Өскемен қаласы, Риддер, Глубокое, Ұлан, Күршім аудандарының Құрметті азаматы. (1914-2011)
Әубәкір Байбатшин Павлодар облысы, Май ауданына қарасты, Үлкен Ақжар ауылында 1914 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Ерте жаста әке-шешеден айырылып, әуелі балалар үйінде, кейін мектеп-интернатта тәрбиеленді.
Жеті жылдық мектеп интернатты бітірген соң Абай атындағы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін, мұғалім, меңгеруші болып жұмыс істеді. 1937 жылы Риддер қаласындағы N 10 жетіжылдық мектепте физика және математика пәнінің мұғалімі, директоры болды.
Болашақ жары 1940 жылы Қайырбану Қыдырханқызы -Өскеменнің коммунистік саяси ағарту техникумын үздік оқумен тәмамдап, Риддер қаласындағы N 10 мектепке мұғалім болып орналасады. Олардың таныстығы осы жерден басталады. Әубәкір1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылса, Қайырбану өз еркімен 1942 жылы 15 мамырда әскери эшелонмен Риддерден майданға аттанады.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 2-ші Украиналық фронттың құрамында Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны, Чехословакияны азат етті. Одан әрі Қиыр Шығыста жауынгерлік әрекеттерге қатысты. Соғыстан кейін Шығыс Қазақстан облысының партиялық және кеңестік органдарында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 1946 жылы Қайырбану Қыдырханқызына үйленіп, қос ардагер үш ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген құрметті ата-ана.
Отан алдындағы еңбектері үшін 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысының, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен басқа да көптеген медалдармен марапатталды. Өскемен қаласының еңбек ұжымдарында және қатысушы жастар арасында үлкен патриоттық тәрбиелік жұмыстарды жүргізді. Өскемен қаласы,
Плахута Алексей Егорович (1936 - 2000) – құрылысшы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Алексей Егорович Плахута 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Каменка ауылында туған. 1953 жылдан бері Кенді Алтай құрылыстарында жұмыс істеді. Еңбек жолын машина жөндеу шебері болудан бастаған.
1985 жылдан Ертіс құрылыс басқармасында басшылық қызметте болды. Алексей Егоровичтің басшылығымен қаладағы Спорт сарайы, Орталық Мәдениет сарайы, Протозанов (бұрынғы Набережная Красных Орлов), Славский атындағы Ертіс жағалауы көшелері, 6 мектеп, бала бақша, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткіші т.б. ғимараттар салынған.Өскемен қаласының дамуына қосқан үлесі үшін А. Е. Плахута «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Өскеменнің «Металлург» кентіндегі бір көшеге Плахутаның есімі берілген. Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1996).
Юсуп Кеңес (Түсіп) 1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданындағы Баймұр ауылында дүниеге келген.
Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін 1958 жылы бітіргеннен кейін, Семейдегі өзеншілер училищесін тамамдап, Жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығында еңбек етеді. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып істейді. Мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы болған.
«Жалын» баспасынан «Ақиқат сапар» (1977), «Қарашадағы көктем» (1981), «Охапка полевых цветов» (1983) повестері мен әңгімелерінің жинақтары, «Желқайық» кітабы («Елорда», 2000) шықты. Сонымен қатар оның терминология, қазақ тілінде іс жүргізу мәселелеріне арналған «Құжат тілі» кітабы 2001 жылы Павлодар облыстық «Алтын тіл» бағдарламасының аясында жарық көріп, «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екінші жүлдесін алды. Сондай-ақ «Қазақстан» және «Атамұра» баспаларынан «Анықтама сөздігі» (1992), «Екі тілде іс жүргізу» (1994) кітаптары жарық көрді.
Г.Г.Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын (1983), жас болгар жазушыларының повестері мен әңгімелерінің жинағын («Гүлжазира», 1987) аударып бастырды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2000)
Савельева Нина Яковлевна - ҚазКСР ағарту ісінің үздігі,
Ұлан ауданының Құрметті азаматы
Савельева Нина Яковлевна 15.04.1939 жылы Семей қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1957 жылы мектепті бітірді. 1959 жылы Өскемен педагогикалық институтына отқуға түсіп, оны 1963 жылы бітірді. Күршім ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істей бастады. 1971-72 оқу жылында еңбек жолын Асубұлақ кентінде жалғастырды, онда мектепте құрметті демалысқа шыққанға дейін жұмыс істеді. Бірақ зейнеткерлікте ол кент өміріне белсенді қатысты. 1999 жылы Асубұлақ кентінің Ардагерлер кеңесінің төрайымы болып сайланды және осы күнге дейін қызмет атқарады. Нина Яковлевна-бірнеше ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеген мұғалім. Оның түлектері бүгінгі күнге дейін мұғалімін ұмытпайды. Ардагерлер кеңесінің төрайымы ретінде қарт адамдарға тікелей назар аударады. Асубұлақ кентіндегі жерлес-жауынгерлерге орнатылған обелискіні жаңарту, Асубұлақ орта мектебінің аумағында Қасым Қайсеновтың ескерткішін және еске алу қабырғасын орнату бойынша ұйымдастырушы болды. Жақын арада ауған жауынгерлеріне ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Қоғамдық қызметтен бөлек, Нина Яковлевна «Сударушки» вокалдық тобының солисті болып табылады.
Оқытушылық қызметтегі наградалары мен атақтары:
Жоғары санатты аға оқытушы
ҚазКСР ағарту ісінің үздігі
Ұлан ауданының Құрмет кітабына енгізілген
ҚазКСР ағарту Министрінің алғыс хаты
Педагогикалық еңбек ардагерінің медалі
Қоғамдық қызметтегі наградалары мен атақтары:
«Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» белгісі
Ұлан ауданының Құрметті азаматы
Ұлан ауданының 90 жылдығына арналған медалі
Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған медалі
«Ұлан таңы» газетінің үздік штаттан тыс тілшісі
Үздік насихаттаушы
Үздік медиатор
Ұлан ауданы бойынша Ардагерлер кеңесінің үздік төрағасы
1952 жылы Ұлан ауданы Тарғын ауылында дүниеге келген. 1969 жылы И. Айтықов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласының Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Ауыл шаруашылығы институтына түсті.
Еңбек жолын 1974 жылы «Ұлан» совхозы бөлімшесінің агрономы болып бастайды. 1976 жылдан осы совхоздың бас агрономы болып жұмыс істейді.
1981 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Ұлан аудандық комитетінің төрағасы болып сайланады және осы қызметте 16 жыл еңбек етеді. Содан кейін аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының, Ұлан ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі бөлімінің бас агрономы болып жұмыс істейді. 2000 жылдан 2005 жылға дейін «Мельзавод-Защита» ЖШС дайындамаларының бастығы болып жұмыс істейді. 2005 жылы Ұлан аудандық жер ресурстарын басқару бөліміне ауыстырылды. 2007 жылдың қараша айынан бастап «Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалған.
Сайлаубаев Сейлжан
1958 ж. Ұлан ауданы, Байсары ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Привольное ауылдық мектебін аяқтаған соң бір жыл жүргізуші болып жұмыс істейді, содан соң КСРО Қарулы күштер қатарында Отан алдындағы борышын атқарды. Өскемен құрылыс –жол институтына инженер –механик мамандығы бойынша оқуға түседі. Содан соң комсомол жұмысында және ішкі істер органдарында қызмет атқарады. С.Сайлаубаев қазақстандық кәсіпкерлікті ашушылардың бірі болды. Бизнесте 1991 жылдан бері. 1997 жылы «Шығыс - сүт» ЖШС құрылды, бас директоры. С.Сайлаубаев Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығының оннан артық кәсіпорындарын қайта құрып, аяғынан тұрғызды. «Шығыс-сүт» Корпорациясы алғашқылардың бірі және сала ішінде үздік болып танылады. Бұны компанияда жұмыс істейтіндердің барлығы біледі және бағалайды, ал кәсіпорынның жетістіктері мен оның жетекшісі біздің еліміз бен шет елдерге белгілі.
Қ.Р. тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты, «Қазақстанның үздік бизнесмені», «Өндіріс аумағындағы үздік бизнесмен» дипломдары.
«Ұлан ауданының құрметті азаматы».
Түгел Сәдібек (1955 ж.) – жазушы, публицист, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, педагог, қоғам қайраткері.
23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Сырттай ҚазМУ журналистика факультетін бітірген. С. М. Киров (1982). Әскерде (Германияда) қызмет еткеннен кейін Алматы мақта-иіру фабрикасының слесарі, "Расцвет-Өркен" Ұлан аудандық газетінің аудармашы-корреспонденті, аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Ұлан аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Ұлан аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Алматы жоғары партия мектебін саясаттанушы және әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Ұлан ауданы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, "Ұлан таңы – Ұлан зори"Ұлан аудандық газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді.
1994 жылы "Қазақстанның телевизия және радио корпорациясы" аппаратына ауыстырылды, 1998 жылы Астана әкімінің бірінші баспасөз хатшысы (ол кезде Ақмола) болып бекітілді.
Мансап тарихы: "Менің Қазақстаным" халықтық-патриоттық қозғалысының төрағасы, ҚР Ұлттық Ат спорты түрлері Республикалық Федерациясының Бас хатшысы, Астана қаласының халықаралық баспасөз орталығының басшысы, "Астана дауысы" ақпараттық агенттігінің бас директоры, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап шығармашылық және қоғамдық қызметпен айналысады: "Қазанат" республикалық ғылыми-танымал журналының бас редакторы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР Ұлттық Ат спорты түрлері федерациясының президенті.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы "Құлыным" журналының бас редакторы (2010).
17 кітаптың авторы. "Қазанат" кітабы (к. Ракишевпен бірлесіп жазған) - "кітап өнері" халықаралық байқауының жеңімпазы (Мәскеу қ., 2006), 2006 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік кітабы болып танылды. Екі деректі фильмнің авторы, 1000-ға жуық очерктер мен мақалалар. Музыка мен лириканың авторы, 14 ВААП авторлық куәлігі бар. Жобалардың бастамашысы: "Ұлы дала қырандары" Әлеуметтік-мәдени қоғамдық қозғалысы (Ұлы Дала батырлары) және Ұлы Дала Даңқы мұражайы.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" жоғары атағымен, ҚР Президентінің екі мәрте алғыс хатымен және "Астана" медалімен, ҚР Президентінің журналистика саласындағы грантының (2008 ж.), Сейдахмет Бердіқұлов атындағы спорттық журналистика саласындағы сыйлығының иегері.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спортының құрметті қызметкері, Ұлан ауданының Құрметті азаматы, ЕҰУ профессоры. Л. Гумилева.
ҚР Тұңғыш Президентінің гранты мен "Халықтың сүйгіштігі"-"жылдың Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері (2017).
Қазақстан Республикасының" Парасат жолы " республикалық орталығының басшысы.
Руслан Әділбекұлы Сейлханов ( 30 қазан 1972, Бозанбай, Шығыс Қазақстан облысы) - қазақстандық дзюдошы және самбист.
Мансап
Руслан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 12 жасынан бастап дзюдо және самбомен айналысады.
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері (самбо, дзюдо).
Дзюдо
1996 жылы Хошиминде өткен Азия чемпионатының 78 келіге дейінгі санаттағы қола жүлдегері.
Ол 1996 жылғы Олимпиадаға қатысып, 78 келіге дейінгі санаттағы 1/32 финалда Монте-Карло өкілі Тьерри Ватриканнан жеңіліп қалды.
1997 жылы Манилада өткен Азия чемпионатының 78 келіге дейінгі санаттағы қола жүлдегері.
Азиаданың қола жүлдегері-1998 жылы Бангкокта 81 келіге дейінгі санатта.
2000 жылғы Олимпиадада 81 келіге дейінгі санаттағы 1/32 финалда болашақ Олимпиада чемпионы жапондық Макото Такимотодан жеңіліп қалды.
2000 жылы Осакада өткен Азия чемпионатының 81 келіге дейінгі санаттағы күміс жүлдегері.
Самбо () - Франциядағы коммуна.
1992 жылғы Әлем Кубогының 82 келіге дейінгі санаттағы иегері.
Күміс (1993) және қола (1994) әлем чемпионатының жүлдегері.
1994 жылғы Азия чемпионы 82 келіге дейін.