Еңбек мобильділігі орталығы авиациялық қызмет саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына қысқа мерзімді оқуға қабылдау жариялайды:
- әуе қауіпсіздігі бойынша инспектор (басшы ретінде);
- авиациялық орнитология инженері (маман ретінде);
- аэродромды пайдалану бойынша кезекші инженер (маман ретінде);
- әуе кемелерін қарсы алу және шығарып салу бойынша авиатехник (маман ретінде);
- ұшу-навигациялық қамтамасыз ету инженері (маман ретінде);
- қауіпсіздік бөлімінің инспекторы (маман ретінде);
- профайлер-инспектор (маман ретінде);
- тексеру инспекторы (маман ретінде);
- бақылау-өткізу пунктінің инспекторы (маман ретінде);
- жанар-жағармай материалдары бойынша авиатехник (маман ретінде);
- жөндеу-құю базасының машинисі (жұмысшы ретінде);
- сервистік қызмет көрсету қызметі бойынша электромонтер/техник (жұмысшы ретінде);
- трактор техникасының машинисі (жұмысшы ретінде);
- аэродром техникасының жүргізушісі (жұмысшы ретінде);
- әуе кемелері мен аэродромды қызмет көрсетуге арналған арнайы техниканың жүргізушісі (жұмысшы ретінде);
- әуе кемелерін қызмет көрсету бойынша жүргізуші (жұмысшы ретінде);
- жеңіл автокөлік жүргізушісі (жұмысшы ретінде);
- тіркеу және отырғызу агенті (қызметші ретінде).
Шарттары:
- Оқу мерзімі — 6 ай
- Оқу тегін
- Ай сайынғы төлем — 20 АЕК
Оқу аяқталғаннан кейін жаңа ашылатын әуежайларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
Толық ақпаратты Ұлан ауданының Мансап орталығынан ала аласыз.
Мекен-жайы:Қасым Қайсенов к., Абай а., 5, 113 каб.Телефон:8-72-338-77-253