Жоғарғы Тайынты ауылында ауыл тұрғындары мен аудандық коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Жоғарғы Тайынты ауылында ауыл тұрғындары мен аудандық коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Тарғын ауылдық округіне қарасты Жоғарғы Тайынты ауылында ауыл тұрғындары мен аудандық коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды. Коммуналдық мекеме мамандары қазіргі ахуал мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, ауылдағы су жүйесін тиімді пайдалану, су есептегіш құралдарын орнатудың маңыздылығы және ауыз суды ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, округ әкімі Г.Аманов тұрғындарға бірқатар өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📱 «Төрт түлік» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібі;

🛡️ мал ұрлығының алдын алу, қараусыз мал жібермеудің маңыздылығы;

🧼 санитарлық тазалықты сақтау, аулалар мен көше бойын таза ұстау, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысу қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
#ТарғынАуылдықОкругі #ЖоғарғыТайынты#ТазаҚазақстан #ТазаАуыл #ШҚО ҰланАуданы БіргеТазаҚазақстан