Жол белгілерін орнату туралы

Жол белгілерін орнату туралы

Құрметті тұрғындар мен жүргізушілер! Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық жағдайлардың алдын алу және автокөлік жылдамдығын мәжбүрлі түрде төмендету мақсатында Ново-Одесское  ауылында «жасанды жол кедір-бұдырлары» орнатылды.  Сондай-ақ, аталған жол учаскелерінде жүргізушілерге алда жасанды кедір-бұдырдың бар екенін ескертетін барлық қажетті тиісті жол белгілері толықтай қойылды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын мұқият болуға шақырамыз:  Жүргізушілерге: жылдамдық режимін қатаң сақтап, белгілердің алдында жылдамдықты бәсеңдету қажет. Жаяу жүргіншілерге: жолды тек белгіленген орындардан, қауіпсіздікке көз жеткізіп барып кесіп өту керек. Жолдарымызды бірге қауіпсіз етейік!