Саратовка ауылдық округінде жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және жолдағы ойық-шұңқырлар мен көлік іздерін (колея) тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техника жұмылдырылып, елді мекен көшелері мен негізгі жол учаскелерінде қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Аталған жұмыстар тұрғындар мен көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.