Бекітілген желілік кестеге сәйкес Ұлан аудандық мәслихат депутаты И.У. Тулегеновтың Саратовка ауылдық округінің әкімі А.Қ. Манаповпен бірлесіп, Саратовка ауылында орналасқан ШҚО көпсалалы колледждің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды:
- білім, ғылым, мәдениет және инновациялар – болашақ мемлекеттің негізі және адами капиталдың дамуы ретінде анықталды;
- адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту – әділдік, теңдік және заң үстемдігін қамтамасыз ету принциптері бекітілді;
- сот жүйесін жетілдіру – оның тәуелсіздігін арттыру және конституциялық бақылауды нығайту;
- мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру – ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.
Мазмұнды талқылау барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Өткізілген кездесу ашық пікір алмасу алаңы болып, қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.