Жолдарды қардан тазалау туралы

Жолдарды қардан тазалау туралы

Округ елді мекендерінде жолдар, көшелер және жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника күшімен әлеуметтік нысандарға баратын жолдар, ауылішілік көшелер уақтылы тазартылуда. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жиегінде автокөліктерді қалдырмауларыңызды сұраймыз, бұл қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтіреді. Қар тазалау жұмыстары көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз еткенге дейін жалғаса береді.