Ардагерлер кеңесінің жиналысы туралы

Ардагерлер кеңесінің жиналысы туралы

 

Бүгін «Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында маңызды жиын өтті. Ұлан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Е. Бакимбаевтың қатысуымен өткен отырыста округіміздің ақсақалдары мен ардагерлері бас қосты. Күн тәртібінде: Саратовка ауыл округі Ардагерлер кеңесінің төрағасын қайта сайлау мәселесі қаралды. Нәтижесінде: Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Касенов С.Ж. Саратовка ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, жиын барысында ауылды абаттандыру, жастарға патриоттық тәрбие беру және қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сайланған жаңа төрағаға ел игілігі жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз!