"Таза Қазақстан" акциясы аясында өткізілген сенбілік туралы

"Таза Қазақстан" акциясы аясында өткізілген сенбілік туралы

Бүгін республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Саратовка ауылдық округінде студенттер мен оқытушыларды біріктірген ауқымды сенбілік өтті. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттері мен оқытушылары ерекше белсенділік танытып, аумақты абаттандыру мен экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосты.