
https://www.facebook.com/share/v/1CFUFtYpSM/
https://www.instagram.com/reel/DUbJjzviJev/?igsh=enNqeHl5MWZ4c2kx
Тройницкое ауылында көптен күткен жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылуы өтті. Енді ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде өз жерінде ала алады.
Жалпы аумағы 154,7 шаршы метрді құрайтын нысан заманауи цифрлық жүйелермен, диагностикалық және емдік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Медициналық пункт «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынып, тұрғындардың денсаулығын сақтау, емдеу және алдын алу шараларын жақсартуға бағытталған.
Бұл ауыл үшін маңызды әрі қуанышты оқиға болып табылады, себебі енді сапалы медициналық көмек тұрғындарға өз жерінде қолжетімді болады.