Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейтілді: оған не кірді
![Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейтілді: оған не кірді]()
Құжатқа сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді. Қазіргі таңда ол төмендегідей: • Бірінші сортты бидай ұны • Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған бидай наны (қалыпты) • Макарон өнімдері (рожки) • Қарақұмық жармасы (ядрица) • Жылтыратылған күріш (дөңгелек дәнді) • Картоп • Асханалық сәбіз • Бас пияз • Ақ қауданды қырыққабат • Қызанақтар ( «черри», «жүзім» сорттарынан басқа) • Қиярлар («корнишон» сортынан басқа) • Алмалар • Ақ қант – құмшекер • Күнбағыс майы • Сиыр еті (сүйекті) • Сиыр еті (сүйексіз) • Ет фаршы • Қой еті, оның ішінде сүйексіз • Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз • Балық (жаңа, салқындатылған және мұздатылған: табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) • Тауық еті (сан, жіліншік, тауық жамбасы) • Тауық (тұтас ұша) • Сүт (пастерленген, ультрапастерленген, стерилденген, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін, дәм қоспасыз, лактозасыздан басқа) • Айран (кефир) 2–3% майлылықта (лактозасыздан басқа) • Қаймақ (лактозасыздан басқа) • Сүзбе 5–9% майлылықта (лактозасыздан басқа) • Қатты және жартылай қатты ірімшік (40–50% майлылықта) • Сары май (тұзсыз, 72,5–80% майлылықта, қоспасыз және өсімдік майынсыз) • Тауық жұмыртқасы (I санат) • Қара шай (дәм қоспасыз, пакеттелгеннен басқа) • Ас тұзы ( «Экстра»-дан басқа)