Сақ болыңыз! Алаяқтарға алданбаңыз!

Сақ болыңыз! Алаяқтарға алданбаңыз!

Алаяқтық схемасы келесідей:

  • Алаяқтар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшыларының атын жамылып, Telegram немесе WhatsApp арқылы жазады және қоңырау шалады.
  • ҰҚК-нің ойдан шығарылған кураторына және т.б. көмек көрсету туралы өтініш түседі.
  • Әдетте, айтарлықтай ақша сомасын төлеу керек деген уәж айтылады.

Келесі ережелерді сақтауға кеңес береміз:

  • Егер Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшылығының атынан мессенджер арқылы қоңырау түскен болса, өзіңіздің тікелей басшыңызға хабарласып, кез-келген ақпаратты нақтылауыңызды сұраймыз.
  • Хатта немесе сөйлескен кезде ҰҚК аталған жағдайда бұл туралы Азық-түлік корпорациясының басшылығына хабарлау қажет.
  • Егер сізге ақша аудару туралы өтініш түссе, бұл сөзсіз алаяқтық. Сөйлесуді/хат алмасуды тоқтатып, хабарлама түскен аккуантты бұғаттаңыз. Басшылық пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

 

Сақ болыңыз!