
Қазір бұл бағдарлама бойынша жеңіл несиеге ЦентрКредит, Halyk Bank, Nurbank, Еуразиялық банк пен KZI Bank өтінім қабылдап жатыр.
Бағдарлама бойынша инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейін алуға болады. Жылдық мөлшерлеме 12,6%-дан аспайды. Мерзімі де ыңғайлы. Инвестиция үшін 10 жылға дейін, айналым капиталы үшін 3 жылға дейін несие беріледі. Қолда бар қарыздарды қайта қаржыландыру да көзделген.
Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, көлік логистикасы, қалдықтарды қайта өңдеу, қонақ қабылдау және тамақтандыру қызметтері, жылжымайтын мүлік операциясы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және мал шаруашылығы сияқты басымдық берілген салалардағы кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі.
«Өрлеудің» басты артықшылығы – несиенің ұзақ мерзімге берілетіні мен сол уақыт ішінде пайыздың өзгермейтіні. Соның арқасында қаржылай жүктеме азайып, бизнестің өсуі, модернизациясы және кеңеюіне мүмкіндік туады.
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін «Даму» Қорының өз өңіріңіздегі филиалына немесе 1408 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласыңыз.