АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) 2024 жылғы 1 қазанда eGov Mobile қосымшасының пайдаланушыларына мектептерде тегін тамақтануға цифрлық ваучер алу жайында 1414 нөмірінен хабарлама жіберді. Хабарламаның жіберілімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан ұйымдастырылды.

Хабарламада келесі мәтін болды: «Сіздің балаңызға мектепте тегін тамақ беріледі. Оны алу үшін электрондық үкіметтің «eGov mobile» мобильді қосымшасына тіркеліп, цифрлық ваучер алу қажет. Тіркелу үшін сілтеме: https://egovmobilekz.page.link/AVaF «Әлеуметтік әмиян» бөлімі.

Мәтіндегі сілтеме eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисіне апарады. eGov Mobile қосымшасы алдын ала орнатылмаған жағдайда, сілтеме пайдаланушыны оны жүктеу және орнатуға апаратын қосымшалар дүкендеріне жібереді.

Алайда, кейбір пайдаланушылар мессенджерлерде бұл жіберілім алаяқтық және банктік қосымшаларды бұғаттауға әкеледі деген ақпарат алуда. Осыған байланысты, бастапқы хабарлама шындыққа сәйкес келетінін және жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз.

Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық нақты ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады.

Пайдаланушылар eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы жайында туындаған барлық мәселелер бойынша 1414 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласа алады.