Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!

Кәсіпкерлік субъектілерін алаяқтық схемаларға тарту фактілерінің жиілеуіне байланысты Сіздердің назарларыңызды төмендегі жайттарға аударамыз.

Қазіргі таңда тез және оңай ақша табу тәсілдері бойынша жарнамалар әлеуметтік желілерде көп таралған.

Зиянкестер тұрғындарға өз аттарына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, банк шотын ашқызып және олардың нұсқауы бойынша әртүрлі тауарға төлем жасауға электронды шот-фактуралар қойғызады. Төлем бойынша түскен ақшаларды басқа шоттарға аударуын сұрайды.

Осындай оңай жолмен ақша табуды іздейтін адамдар көбінесе өздері қылмыстық істердің қатысушысы болып табылады. Оларға банктік шоттарының бұғатталуы, сот шешімі бойынша жәбірленушілерге ақшаларын қайтаруға міндеттеуі, сондай-ақ салық шығындарының белгіленуі сияқты шектеулер қойылады.

Осыған орай тұрғындарды барынша сақ және қырағы болуға және үшінші тұлғаларға банктік шоттарды бермеуге кеңес береміз.

Естеріңізге сала кетейік, заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.