ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы қалалар және аудандық әкімдіктерімен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысында мобильді интернетпен қамту бойынша деректерді өзектендіру жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 24-26 шілде аралығында Күршім ауданы бойынша Күршім, Ақсуат, Құйған, Буран, Барақ Батыр, Алғабас, Марқакөл (Теректі), Қалжыр, Маралды, Сарыөлен ауылдарына көшпелі мониторинг жүргізілді –интернет жылдамдығы 1 мБит / с және одан жоғары, 3G және 4G қамтамасыз етілді. Бұзушылық фактілері анықталған жағдайда байланыс сапасын қамту негізінде
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетіне азаматтар мен бизнестің өтініштерін қабылдау, өңдеу және талдаудың бірыңғай платформасы арқылы сілтеме бойынша хабарласуыңызды сұраймыз https://eotinish.kz/.
Сонымен қатар, Күршім ауданының қалған 34 елді мекені
2027 жылдың соңына дейін Жол картасы шеңберінде интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады.