Киберқауіптер күшейіп келеді: цифрлық жүйелерді қалай қорғауға болады?

Киберқауіптер күшейіп келеді: цифрлық жүйелерді қалай қорғауға болады?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қызметкерлері киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық іс-шараға қатысты.
Соның барысында киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи киберқауіптердің алдын алу және цифрлық ресурстарды қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушылар киберқауіпсіздік саласындағы өзекті бағыттармен танысып, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған практикалық ұсыныстар алды.
Іс-шара мемлекеттік органдар қызметкерлерінің киберқауіптер туралы хабардарлығын арттырып, цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды.