Қазақстанда телекоммуникация және цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы Заң қабылданды

Қазақстанда телекоммуникация және цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы Заң қабылданды

Қазақстанда телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған жаңа Заң қабылданды.

Құжат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әзірленіп, елімізді алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Жаңа Заң байланыс сапасын арттыруды, цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейтуді, деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауды және желідегі алаяқтықпен күресті қамтиды.

Заң аясында азаматтарға eGov, e-Otinish, Aitu секілді әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге тегін қолжетімділік беріледі. Сонымен қатар, телефон алаяқтығына қарсы заңды тұлғалардан келетін қоңыраулар арнайы таңбаланатын болады.

Сондай-ақ телекоммуникация нарығының ашықтығын арттыру, байланыс инфрақұрылымын жедел дамыту және деректерді өңдеу орталықтарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нормалар енгізілді.