Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандарын даярлау басталды

Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандарын даярлау басталды

Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу кезеңі аяқталды. CTF-турнирі – «Ұлттық киберқалқан» нәтижесі бойынша 100 жеңімпаз тегін оқуға грант иеленді.

Бағдарламаға еліміздің барлық өңірлерінен 1567 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 361 қатысушы турнирге қатысып, үздік 100 үміткер анықталды.

Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Мемлекеттік техникалық қызмет серіктестігі арқылы жүзеге асырылуда.

Алты айға созылатын онлайн-оқыту барысында қатысушылар Red Team және Blue Team бағыттары бойынша білім алып, кибершабуылдардың алдын алу мен жүйелерді қорғау дағдыларын меңгереді.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – тәжірибеге негізделген оқыту. Қатысушылар нақты кибершабуыл сценарийлерін модельдеу арқылы практикалық білімін жетілдіреді.