Өскеменде экологиялық акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Өскеменде экологиялық акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 25 сәуірде Өскемен қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған шараға қаладағы мекемелер мен ұйымдар белсенді қатысты. Соның ішінде Цифрландыру басқармасы да сенбілікке қатысып, бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Қызметкерлер қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, қала тазалығын сақтауға атсалысты.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.