ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілмек

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілмек

«Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.

Талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.