Сұрағыңыз немесе мәселеңіз бар ма? «109» бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз

Сұрағыңыз немесе мәселеңіз бар ма? «109» бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз

ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығында 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

«109» нөміріне қалалық және ұялы телефондардан тегін қоңырау шалуға, сондай-ақ WhatsApp - 8 7718109109, Instagram – 109.vko мессенджерлері арқылы хабарлама жіберуге болады.

«109» нөмірі бойынша автобустың кешігуі, ашық құдық, желілердің жарылуы, электр қуатының болмауы, лифттің бұзылуы және қаңғыбас иттер туралы хабарлауға болады. Бірақ бұл бірыңғай нөмірге жүгінуге болатын сұрақтардың толық тізімі емес.

«109» нөміріне қоңырау шалып, өзіңізге қажетті мәселе (мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, кәсіпорындардың телефон нөмірлері, оқу орындарындағы сабақтарды тоқтату, облыс жолдарын ашу-жабу, МЖН деңгейі және т.б.) бойынша анықтамалық ақпарат алуға, электр энергиясын немесе суды беруді ажыратудың себептері мен ұзақтығы туралы білуге болады.

Қызмет апаттық оқиғалар фактісі бойынша қоңырауларды қабылдайды, кейіннен ведомстволық бағыныстылығы бойынша қаланың коммуналдық кәсіпорындарының мекен-жайына қайта жібереді.

Анықтама:

Орта есеппен 109 арнасына күніне 100-ге жуық қоңырау келіп түседі.

2025 жылы 32 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.