ШҚО ПД ескертеді: Аляқтардың жаңа әдісінен сақ болыңыз!

ШҚО ПД ескертеді: Аляқтардың жаңа әдісінен сақ болыңыз!

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті зиянды қосымшалар арқылы ақша ұрлау фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Бұл қалай жүзеге асады:

  • Қоңырау: Алаяқтар өздерін «Қазақтелеком» қызметкерлері ретінде таныстырады.
  • Сылтау: Байланыс қызметіне жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын хабарлайды немесе «ерекше» жеңілдіктер ұсынады.
  • Тұзақ: WhatsApp мессенджері арқылы «деректерді жаңарту» немесе «жеңілдікті белсендіру» үшін сілтеме жібереді.
  • Вирус жұқтыру: Сілтеме арқылы өткеннен кейін телефонға зиянды файл (APK) жүктеледі. Оны орнатқан сәттен бастап қылмыскерлер сіздің банк қосымшаларыңыз бен жеке деректеріңізге толық қашықтықтан қол жеткізеді.

 Шабуыл белгілері: телефон қатты қызып кетеді, экран бұғатталып немесе басқару командаларына жауап бермей қалуы мүмкін.

ДЕРЕУ не істеу қажет:

Телефонды қуат батырмасын ұзақ басу арқылы мәжбүрлеп өшіріңіз;  SIM-картаны шығарып, интернетке қосылуды үзіңіз (Wi-Fi роутерін ажыратыңыз); мүмкіндік болса, аккумуляторды алып тастаңыз; басқа құрылғы арқылы банкпен шұғыл байланысып, барлық шоттар мен карталарды бұғаттаңыз; 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.

Байланыс операторларының қызметкерлері ешқашан мессенджерлер арқылы үшінші тарап қосымшаларын орнатуға арналған сілтемелер жібермейтінін есте сақтаңыз.

Дереккөз: ШҚО ПД