Өз саласының үздіктері: Шығыс Қазақстанда жыл үздіктері марапатталды

Өз саласының үздіктері: Шығыс Қазақстанда жыл үздіктері марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл қорытындыланып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері марапатталды.

Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов адал еңбек, кәсібилік пен жауапкершіліктің өңір дамуының негізгі тірегі екенін атап өтті.

Марапатталғандар қатарында:
 Оженов Бауыржан Файзоллинович — Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты «Үлкен Нарын ауданының мемлекеттік архиві» КММ директоры;
 Ілияс Шоқан Уашұлы — «Вас-ТЕП» ЖШС директоры, ақпараттық технологиялар, деректерді талдау және жасанды интеллект саласының маманы, IT-салада 17 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Марапат иелерінің кәсібилігі мен өз ісіне деген жауапкершілігі жоғары бағаланды.