
Алтай ауданының Кремнюха ауылында OneWeb спутниктік технологиясы негізінде қоғамдық Wi-Fi аймағы іске қосылды. Жоба ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылды.
Қосылу «Jusan Mobile» АҚ, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Интернет жылдамдығы 50 Мбит/с-қа дейін жетеді, қамту радиусы – 100 метр.
Аталған нүкте жобаның осы кезеңіндегі 31-ші және қорытынды нүкте болып табылады. Жоба ауыл тұрғындарының цифрлық және мемлекеттік онлайн-қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.