ШҚО-да архив ісі бойынша өңірлік семинар өтті

ШҚО-да архив ісі бойынша өңірлік семинар өтті

2025 жылғы 10–11 желтоқсанда ШҚО-да ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив істері комитетінің ұйымдастыруымен өңірлік семинар өтті.
Іс-шараға Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының архивтері қатысты.

Семинарда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау, «Біріңғай электрондық архив» жүйесімен жұмыс істеу, нормативтік талаптар мен заңнамадағы жаңалықтар түсіндірілді.
Сонымен қатар қызметтік құжаттармен жұмыс қағидалары, бағалы қорларды сақтау және деректерді ақпараттық жүйеге енгізу тәртібі талқыланды.

Маман­дардың пікірінше, архивтердегі құжаттардың сақталуы мемлекеттік органдардың жоғары жауапкершілігін талап етеді.
Семинар тыңдаушыларға көптеген пайдалы ақпарат беріп, кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік жасады.